Өлі мен тірінің диалогы... -Бауырым! -Ағажан, тірісің бе? Ешкім сені бағаламай тірісінде Қазір бәрі сағынып жүр! Қайдасың сен? Мүмкіндік бар ма сенімен көрісуге? -Мен қазір сендерден алыстамын, Тірінің аяғы баспас ғарыштамын. Сағынғандарың сол ма? Еске түсірші Соңғы рет қашан Құран бағыштадың? Жә-жә жетер! Реніш айту үшін өзіңмен қауышпадым. Сыр төгуге келдім алыстан мен.... ...Куле қарап кунәмә, бейқам жүріп Бірте-бірте жұмақтан алыстадым. Өлім туралы сөз жүрсе, елемедім. Шіркін, қайта өмірге келермедім! Бес уақыт намазым былай тұрсын, Алла атымен амал жасап, терлемедім Мешіттің жанына бір жоламадым, Күнәмді ойлап, жанымды торламадым. Өкінемін! Өкінумен пайда болмас... Азап деген қиын екен моладағы. Жұма намаз туралы естімесем, бір бармадым, Алланың орындамай бір тармағың. Шайтан мені арбапты, азғырыпты. Өмірімның жолына қойып өз қармағың... Тозақтамын.. -Ағажан! -Тыныш, тыңда! Қасында ылғи жүрер шайтан, жын да. Өз-өзіңе қаратып, алдап-арбап, Аяғынан шалады. Сынба, сынба! Шыдаушы ем бір ыстық, бір суыққа Тозақтың отына шыдау мүмкін емес! Соны ұмытпа! Өртеніп, шытырлап сүйек жанып, Шығуға да болмайды бес минутқа. Дәулет, байлық-барлығы шайтан ісі. Артынан жүгірем деп талай кісі Меніменен тозақта өкініп жүр. Өкінгенмен пайда жоқ.. Соңы түсін! Өкінгенмен не пайда? Өкінгенмен? Алланың сынағы екен өмір деген. Сол жалғанда күнә да бар, зина да бар. Сырт көзге былайша көрінбеген. Құран, намаз – ешқайсынан ажырама, Біреуге қорлық жасап, жадырама. Тозаққа түсеріңді сезінгенде, Мен сияқты балаша аңырама! Айтқанымды тыңдадыңғой.. Ойлан, бауыр! Жын мен шайтан-адамның нағыз жауы. Иман қылып, Аллаға құлшылық ет Сонда ғана шағылмас дара тауың..... Сөйтіп жатып, шырт ұйқыдан ояндым да, Жақсылық пен игілікке бой алдым да, Тез-тез тұрып, киініп, жиналдым мен Өтеуге борышымды АЛЛА алдында!

Теги:

Теги других блогов: